main_img
Тұрақты даму
Адамдарға, бизнеске және қоғамға пайда әкелетін технологияларды әзірлейміз және дамытамыз
main_img
Нәтижелерге шолу
Сервистер сапасы
Біз Yandex Qazaqstan сервистерін барлығы үшін пайдалы, қауіпсіз және ыңғайлы етеміз және цифрлық ортада қазақ тілі мен ұлттық мәдениетті дамытуға ұмтыламыз.
~40%
пайдаланушы күн сайын Іздеу сервисінде қазақ тілінде сұрақтар қояды
2024 жылдың қаңтар-маусым айы аралығындағы кезең бойынша деректер
+15млн
ағылшын және орыс тіліндегі мақала енді Іздеу сервисінде нейрожелілік аударманың арқасында қазақ тілінде қолжетімді
>560мың
бірегей пайдаланушы Яндекс Браузердегі қазақ тіліне аудару функциясын пайдаланып көрді
2023 жылдың қазанында функция іске қосылған сәттен бастап 2024 жылдың маусым айының соңына дейін
>950млн ₸
Яндекс Go-дың қауіпсіздік технологияларын дамытуға салған инвестициясы
2023 жылы
>5млн сағат
Қазақстанда түсіріліген контентті пайдаланушылар Кинопоискте қарады
2024 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі аралықта
>500
қазақстандық әртіс Яндекс Музыкада бар
2024 жылдың маусым айы бойынша
Ұлттық мәдениет пен тілді қолдау
Алиса виртуалды дауыстық көмекшісі қазақ тілінде сөйлесе алады. Ол әңгіме-дүкен құра алады немесе қызықтыратын сұраққа жауап бере алады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдері арасында оңай ауыса алады
Біз Яндекс Плюс жазылымына кіретін Кинопоиск пен Яндекс Музыка сияқты ойын-сауық сервистерінен түскен табысты Қазақстанның шығармашылық салаларын дамытуға — киноға, музыкалық жобаларға және елдегі мәдениеттік іс-шараларға продюсерлік ету үшін пайдаланамыз
Кинопоиск қазақстандық кинематографты қолдайды — онлайн-кинотеатрда «Қазақфильм» киностудиясының ауқымды кітапханасы бар, әр ай сайын жаңа қазақстандық премьералар, соның ішінде эксклюзивті премьералар шығып тұрады, оған қоса сервис шетелдік фильмдер мен сериалдарды өз бетінше қазақ тіліне аударады
Яндекс Музыка дарынды қазақстандық орындаушыларға аудиториясын ISKRA Qazaqstan жобасы арқылы кеңейтуге және өз тыңдармандарын табуға көмектеседі
Инклюзия
Біз сервистер мен өнімдерді «әрбір адамға арналған технологиялар» қағидасы бойынша әзірлейміз: олар адамдардың жасына немесе денсаулық ерекшеліктеріне қарамастан барлығы үшін қолжетімді және ыңғайлы болуы тиіс
14
сервис көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін бейімделген
2024 жылдың маусым айының соңында
Іздеу, Браузер, Пошта және Аудармашы қолданбалары, Диск, Күнтізбе (веб-нұсқа), Такси, Карталар (веб-нұсқа), «Алиса көмекшісі бар үй» қолданбасы, Ақылды камера, Музыка, Кітаптар және Кинопоиск қолданбалары, авторизация сервисі (капча)
>23,8мың
Яндекс Карталарда денсаулық ерекшеліктері бар адамдар үшін қолжетімділік туралы деректері бар Қазақстанның 445 елді мекеніндегі ұйым саны
2024 жылдың маусым айының соңында
400мың
Яндекс Такси сапарында 46 мың пайдаланушы арнайы мүмкіндіктерді таңдады
2023 жылдың ақпан айында опциялар іске қосылған сәттен бастап 2024 жылдың маусым айының соңына дейін
140мың
«Инватакси» жобасы шеңберінде 962 пайдаланушы жасаған сапар саны
2023 жылдың шілде айында іске қосылған сәттен бастап 2024 жылдың маусым айының соңына дейін
Яндекс Go-дағы арнайы мүмкіндіктер
1
Яндекс Go қолданбасында «Арнайы мүмкіндіктер» бөлімі бар. Оның көмегімен денсаулық ерекшеліктері бар пайдаланушылар таксиге тапсырыс беру үшін және сапар барысында маңызды болатын опцияларды көрсете алады (мысалы, машина іздеуге көмектесу, мүгедектерге арналған креслоны тасымалдау, дауыспен сөйлесу мүмкіндігінің болмауы)
2
Біз жүргізушілер үшін қазақ және орыс тілдеріндегі практикалық ұсыныстарды әзірледік. Олар денсаулық ерекшеліктері бар жолаушылар үшін сапарларды жайлы етуге көмектеседі
3
Сондай-ақ Яндекс Go Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Инватакси» пилоттық жобасына қолдау көрсетеді — жобаға қатысатын мүгедектігі бар адамдар қала бойынша жайлы қатынау үшін таксиге тегін тапсырыс бере алады
Серіктестер
Біздің сервистеріміз миллиондаған адамдарға — жекелеген серіктестерге де, бизнестерге де табыс табуға мүмкіндік береді. Біз қызметтестікті жайлы, қауіпсіз әрі тиімді етуге ұмтыламыз
>400млрд ₸
Яндекс Таксимен серіктестік нәтижесінде жүргізушілер мен таксопарктер тапқан табыс
2023 жылы
+25% -ға
мекеме айналымы Яндекс Еда сервисіне қосылғаннан кейін орташа есеппен осындай шамаға артады
~2,5мың
кіші және орта бизнес өкілі Yandex Qazaqstan жарнамалық сервистерін қолдануда
2024 жылдың маусым айындағы деректер
>80компания
Yandex Cloud Boost программасы арқылы Yandex Cloud сервситерін қолдана алады
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап 2024 жылдың маусым айының соңына дейін
Платформалық жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктері
Яндекс Такси жүргізушілерді платформалық жұмыспен қамтуды ендіру бойынша пилоттық жобаға қатысады
Жүргізушілер Яндекс Таксиге тікелей серіктестерретінде қосылып, мемлекеттен әлеуметтік кепілдіктер және біздің сервисімізден қосымша артықшылықтар ала алады
Мұндай қызметтестік форматында арнайы салық режимі пайдаланылады және таксопарк комиссиясы жоқ — жүргізушілер тек сервис комиссиясын төлейді
Білім беру
Біз IT мамандықтарын оқыту бойынша Яндекс технологияларына және біздің мамандарымыздың жинаған біліміне негізделетін өзіндік бағдарламаларды дамытамыз, сондай-ақ серіктестік жобаларға қолдау көрсетеміз
>640млн ₸
Yandex Qazaqstan тегін білім беру жобаларына инвестициялаған сома
2023-2024 жылдары
6
қалада Бағдарлама жасақтау мектебі жұмыс істейді — Алматыда, Астанада, Петропавлда, Талдықорғанда, Қостанайда және Шымкентда
>90
компания қызметкері Technovation Girls Kazakhstan 2024 бағдарламасына ментор, сарапшы, баяндамашы және қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты
1,5мың
маман Yandex Cloud платформасында бұлттық құралдармен жұмыс істеу бойынша курстарды өтті
2024 жылдың маусым айының соңында
Бағдарламалау мектебі
1
Біз 2017 жылдан бастап Бағдарламалау мектебін дамытып келеміз. Бұл тегін білім беру курстары 8–11 сынып оқушыларына жоғары сұранысқа ие IT мамандықтарына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді 
2
Құзыретті оқытушылардың жетекшілігімен балалар нысанға бағытталған бағдарламалаудың танымал құралдары мен негіздерін зерттейді, Python тілінің көмегімен болжам жасауды, графиктер құруды және аналитика жасауды үйренеді
3
250-ден аса оқушы оқуды бітірді, ал оның ішінде 60-тан астамы үздік деген бағамен бітірді
Қайырымдылық ұйымдарына қолдау көрсету
Біз коммерциялық емес сектормен серіктестікті дамытуда үлкен потенциал көреміз: біздің сервистеріміздің инфрақұрылымы мен технологияларын пайдалана отырып қайырымдылық ұйымдары тұрақты қолдау алып, әлеуметтік мәселелерді тиімдірек шеше алады.
7
қайырымдылық ұйымы Яндекс Go әлеуметтік бағдарламасына қосылған
20
қалада қайырымдылық ұйымдарының қамқорлығындағы адамдар мен мамандар үшін тегін такси сапарлары қолжетімді
>12,3мың
тегін такси сапарын 460-тан аса бірегей пайдаланушы жасады
>1,2мың
тегін жеткізуді Яндекс Go-дағы Жеткізу сервисі қайырымдылық ұйымдары үшін жасады
Яндекс Go әлеуметтік бағдарламасы
1
Яндекс Go қайырымдылық ұйымдарының қамқорлығындағы адамдар және оларға көмектесетін бейінді мамандар үшін тегін такси сапарларын ұйымдастырып тұрады
2
Такси сапарларымен қоса, қайырымдылық ұйымдары Яндекс Go-дағы Жеткізу сервисі арқылы курьерлік және жүк жеткізу қызметтерін тегін пайдалана алады
3
Біз қызметтесіп істейтін барлық қайырымдылық ұйымы міндетті верификациядан және қайталама тексерістен өтеді
Қызметкерлер
Yandex Qazaqstan командасында 500-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Біз олардың әрқайсысы үшін өз өнерлері мен мықты жақтарын көрсетуге, сондай-ақ өзіне және өз денсаулығына қамқорлық танытуға болатын жайлы жұмыс ортасын құруға ұмтыламыз.
Денсаулық 
және әл-ауқат
1
Қызметкерлерге жазатайым оқиғалардан сақтандыру және қызметтердің кең жиынтығын, соның ішінде стоматологияны, жыл сайынғы кешенді тексеру, көзді лазермен түзету және жүктілік пен босануды жүргізу бағдарламасын қамтитын ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) қолжетімді
2
Яндекс Еда қолданбасында күн сайын 4,4 мың теңге көлемінде тамақтану шығындары өтеледі
3
Кеңседе қажет нәрсенің бәрімен — тренажёрлармен, спорт жабдығымен, душ бөлмелерімен, киім мен заттарға арналған шкафтармен жабдықталған спорт залы бар
4
Тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде қызметкерлер жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін компаниядан қысқа мерзімді жеңілдікті қарыз ала алады
Mon Oct 21 2024 12:19:51 GMT+0300 (Moscow Standard Time)